Осыдан 2 апта бұрын Қиясовтар әулетінде үшем келгенін ақпараттандырған болатынбыз. Үш ұлдың анасы Қызылорда облысы Сырдария ауданы Қалжан-Ахун ауылының тұрғыны, 34 жастағы Абдығаппарова Эльвира Әділхан, Әлихан, Нұрлыбек есімді сәбилерді дүниеге әкелді.

Шақалақтар 22 сәуір күні туылған. Үшемдерге облыстық перинаталдық орталықтың неонатологтары ерекше күтім жасады.

Білікті медицина мамандарының қарауында болған шақалақтардың екі апта ішінде денсаулықтары оңалып, анасымен бірге үйіне шығарылды. Анасы мен балалардың қазіргі денсаулығы жақсы.