Шымкентте қатты күйік шалған 10 жасар бала 19 отадан кейін беті бері қарап келеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Жарты жылдан бері ауруханада жатқан баланы темір жол бойында ойнап жүрген кезінде қатты ток соққан.

Оқиға 2022 жылдың 9 қарашасында Шымкент қаласындағы вокзал маңында болған. Қазіргі таңда дәрігерлер ауыр жарақат алған науқасқа 13 рет тері ауыстыру және 6 рет некректомия жасаған.

Денесін толық күйік шалған бала 3 айға жуық қалалық балалар клиникалық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатып, палатаға ауыстырылды.

“Науқас ауруханаға 2022 жылдың 9 қарашасында ауыр жағдайда түскен. Бала жағдайында күйік көлемі үлкен, 65 пайыз. Біздің ауруханада күйіктен емделген уақытта жағдайы едәуір жақсарды”, – дейді Шымкент қаласындағы балалар клиникалық ауруханасының дәрігер-комбустиологы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!