Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы, әділет полковнигі Шаймерден Тәжіқұлұлы Есенкелдиевтің бастамасымен жазасын ҚАЖД №60 мекемесінде өтеп жатқан азаматтардың денсаулық жағдайы бойынша шешімін таппай жатқан сауалдарға жауап беру мақсатында Қызылорда қалалық №3 емхана бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ахмет Л. мен 13 тар буынды мамандандырылған дарігерлердің қатысуымен кешенді тексеріс жұмыстары жүргізді.
– Біздің мақсатымыз – сотталғандардың денсаулық жағдайын, олардың жай-күйін бақылап, мазалап жүрген сауалдарына жауап беру, – деді Қызылорда қалалық №3 емхана бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ахмет Л. ҚАЖ департаменті бастығы Шаймерден Тәжіқұлұлы Есенкелдиев сотталғандардың денсаулығына қажеттілікті мекеме тарапынан талап ету жазасын өтеуші азаматтардың ажырамас құқығы екенін атап өтті.
Кешенді тексеру барысында мамандар 150-ге жуық сотталған азаматтарды қабылдап, 20-ға жуық сотталғанды денсаулық жағдайына байлынысты портал кезегіне қойды. Сонымен қатар, жылжымалы кешеннің көмегімен ультрадыбыстық зерттеу жүргізіліп, 20-дан астам сотталғанды тексеруден өткізіп, тиісті медициналық ем-шара ұсынды.


Адина Жомартқызы
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!