Жуырда ғалымдар масаны 400 мың есе үлкейтіп көрсететін микроскоппен зерттеді. Нәтижесінде масаның басында 100 көзі, 48 тісі бар екенін және үш жүрегі: біреуі ортаңғысы да, әр қанатында тағы бір-бір жүректен бар екенін анықтапты.Әр жүрегінде екі клапан мен екі асқазаны болады екен. Құста кездесе бермейтін жылу сезетін органы да бар. Ол органмен бір нәрсенің түр-түсі мен денесін көре алмайды, тек содан шығатын жылуды сезеді. Мысалы, бөлменің іші 5 градус қана жылы болып, ол бөлмеде дене қызуы 36-37 градусқа жеткен бала жатса, маса тек баланы ғана көреді. Масаның қанды қашықтан тексеріп көретін, қанға сараптама жасайтын мүшесі де бар.

Төсекте екі адам жатса, ол қаны ұнамайтын адамды шақпайды, қасында жатқан адамға барып қонады.Масаның қанды сұйылтатын қасиеті де бар екенін айта кету керек. Адамның қаны қою болады. Ол қан өзі кіп-кішкентай масаның одан да жіп-жіңішке «тұмсығынан» өте алмайды. Сондықтан ол қанды алдымен сұйылтып алып, содан кейін сора бастайды.Шағатын кезде білдіртпеу үшін маса алдымен ауырсынғанды басатын «укол» салып алып, сосын қанды сорады екен.Ол «уколдың» күші маса әбден қанға тойынғанша тарқамайды екен. Айтпақшы, Құранда бұл туралы: «Алла Тағала масаны не басқа бір нәрсені сендерге мысал етіп көрсеткеннен әсте ұялмайды!» деген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!