Дінтанушы Тұрарбек Құсайын мешіт беретін неке куәлігінің ресми құжат емес екенін айтты, деп хабарлайды Адырна тілшісі.

«Мұсылмандар діни басқармасы,яғни мүфтияттың діни тұрғыдағы неке қию рәсімі Ата заңымыздың Неке және отбасы туралы заңына қайшы екенін баса айтқым келеді. Мүфтияттың «мұсылман неке куәлігі» дейтін діни құжаты сіздің жеке отбасылық өміріңіз бен құқығыңызды еш қорғамайды, керісінше осындай заңдық күші жоқ қағаз арқылы алданып, өмір бойы опық жеп қалуыңыз әбден мүмкін. Тек АХАЖ- да заңды неке қию арқылы сіз өз өміріңізді діннің атын жамылғандардан қорғай аласыз»,—деді ол.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!