Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Асыл мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен карантиндік талаптар мен санитарлық ережелер сақталып, Жаңақорған ауданы әкімінің жанындағы ақпараттық түсіндіру топ мүшелеріне арналған семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында РАТТ мүшесі, дінтанушы  Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлы аудандық ақпараттық топ мүшелеріне күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге тоқталып, жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Семинар барысында Дін мәселелерін зерттеу орталығының аға маманы, РАТМ мүшесі Кеңесбеков Қожахмет Дінмұхамедұлы профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысындағы ескерілуі керек мәселелерге тоқталды. Қатысушылар тарапынан сұрақ-жауап алмасып, пікірлер ортаға салынды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!