Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз орталығында Шиелі аудандық Орталық мешітінің бас имамы Бақыт Ұлжаевтың қатысуымен брифинг өтті. 

Жиын барысында мұсылмандардың қасиетті мерекесі «Құрбан айттың» өткізілуі, оған сойлатын малға қойылатын шарттар, еттің үлестірілуі секілді мәселелер айтылды. 

Бақыт Ұлжаевтың айтуынша ең алдымен құрбандық шалатын адам ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына толған мұсылман болу, тұрғылықты мекенде болу, жолаушы болмауы шарт. Алла Тағала Құран Кәрімде : «Намаз оқы және құрбан шал» деп, әмір еткендіктен аталған азаматтардан басқа мұлмандарға шамасы келсе, құрбандық шалу міндеттеледі.

Құрбандыққа шалынатын малға қойылатын шарттар да бар. Мәселен құрбандыққа 5 жастан асқан түйе мен 2 жасар сиыр, өгіз, 1 жасар қойды шалуға болады. Ірі қара мен түйені 7 адам бірігіп сойып, етін Алла жолында міскендерге таратып бергені дұрыс.

Құрбандыққа жарамайтын малдар қатарына: бір немесе екі көзінің соқыр, құрбан шалу орнына өз бетінше жетуіне шамасы жетпейтіндей ақсақ малдар, мүйіздерінің сынған малдар, тума құйрығы не құлағы жоқ боп туылған, лас нәрсемен тамақтанған малдар жатады.

Ет үлестіруге келсек, сойылған ет 3-ке бөлініп, бір бөлігі құрбандық шалушының отбасына, бір бөлігі туған-туыс, көршілеріне, келесі бір бөлігін мұқтаж жандарға, немесе толықтай мұқтаж жандарға берілсе болады.

Ал егер, құрбандық шалуы уәжіп болған адамның мүмкіндігі болмаса, өкілдік арқылы құрбандық шалуға мүмкіндік жасалған. Құрбандық шалуда өкілдік дегеніміз мойнына құрбандық шалу уәжіп болған адам құрбандық шала алмаған жағдайда жасалатын амал. Бұл уақытта құрбандық шалушы басқа бір кісіні өкіл ретінде қойып, өкіл сол кісінің атынан құрбандық шалуына болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!