Депутат Ермұрат Бапи мәжіліс төрінде үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсеноваға жат ағымдармен күрес қалай жүргізілетінін сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ермұрат Бапи Дүйсеноваға сауал қойып, бұл мәселені өткен аптада көтергенін айтты.

«Елдегі салафиттік ағым ұлттық және мемлекеттік мүддеге қатер төндіреді. Еріккеннен сауал қойылған жоқ. Қоғамды, рухани ортамызды барған сайын меңдеп бара жатқан салафизм, арабизм дертінің алдын алу үшін қойылды. Мемлекетіміздің ұлттық тұтастығы мен халқымыздың дәстүрлі дініне, оның болашағына қауіп төндіре алмаймыз Жат діни ағымдарды қуып шығуға міндеттіміз», – деді депутат.

Ол «Ислам дініне қарсы шықты» деп Ринаттың сөзін айналдырғандарға қатысты пікір білдірді.

“Біз Исламға және елдегі дәстүрлі мәзхабқа қарсы емеспіз. Есесіне салафизм, уахабизм идеясына қарсымыз. Тамара Қасымқызы, қазақ халқының ежелден өмір сүру және жат идеологиялық ағымға қарсы үкімет тарапынан бағдарлама бар ма?» – деді ол.

Тамара Дүйсенова концептуалдық құжаттар жайлы сөз қозғады. Оның айтуынша, 2011 жылы діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заң қабылданды. Сол заңды орындау үшін соңғы бес жылда үш концептуалды құжат қолға алынған.

«2018-2022 жылдарға арналған діни экстремизм мен радикализмге қарсы шара болды. Бұл – үлкен проблема. Тамыз айынан бастап мәселе қолға алынды. Теологтар мен діни бірлестіктердің өкілдері шақырылды», – дейді Дүйсенова.

Ол қоғамда діни сауаттылықтың төмен екенін және мемлекеттік органдардағы реттеу жұмыстары мен ұйымдастыру жұмысында шикіліктер барып айтты.

“Хиджаб мәселесі бойынша мемлекеттік органдардың толық жауап бермеуі қоғамда үлкен пікірталасқа апарды. Дін өте нәзік. Оны заңды түрде реттеуіміз керек. Сауд Арабиясының өзінде мемлекеттік реттеу функциялары күшейтіліп жатыр. Сондықтан заңға өзгеріс енгізу керек, – деді вице-премьер министр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!