Ақын Арман Бердалин Тоқаевқа дүниеге келген әр балаға 18 жасқа дейін ай сайын 50 мың теңгеден жәрдемақы төлеуді ұсынды, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы. 

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Біздің елде бала тапқан анадан гөрі балалаған шошқаға көп ақша бөлінеді. Дүниеге әкелген әр баласы үшін анасына аз дегенде 50 мыңнан ай сайын 18 жасқа дейін төлейтін болса халқымыздың саны артып, сапасы өсетін еді. Жерден тапқан ойым емес, жеті баланың әкесі ретіндегі ұсынысым», – деп жазды Арман Бердалин.

«Адырна» ұлттық порталы 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!