Өнер иесі қаржы тапшылығын көріп, қиналғанын жасырмады.

Отандық әнші Серік Ибрагимов елімізде карантиндік шектеулер енгізілген кезде қиын жағдайға тап болғанын айтты. Өнер иесі қаржы тапшылығын көріп, қиналғанын жасырмады. Бұл тұрғыда ол өзге отандастары секілді мемлекеттен жәрдемақы алғанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Серік Ибрагимов карантин уақытысында ақшадан қиналып қалғанын «1001 түн» бағдарламасында айтып берді. Ол елімізде коронавирус шарықтамай тұрғанда үйінің құрылысын бастап, бірқатар тойға тапсырыс қабылдап қойған. Алайда шектеулерге байланысты барлық жоспары құрдымға кеткен.

«Екі рет 42500 теңге, үшіншісінде 20 мың теңгеден аса ақша алдым. Қажеттілік болды. Карантин басталмай тұрып үй салып бастаған болатынмын. Жұмысшыларды кіргізіп қойып, өзім концертте Атырауда жүрдім. Ақтөбеде, кейін Өскеменде бір айлық концертім бар еді. Жан-жаққа концерттер қойып, алатын қаржымның жартысын алып тастағанмын. Тойлар қабылдап қойғанмын. Миыммен бәрін жоспарлап қойғанмын, бірақ Құдайдың жоспары басқа болып шықты. Дағдарыс болып, кішкене қиналып қалдым», – деп ағынан жарылды әнші.

sn.k

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!