Құжатты әзірлеу барысында халықаралық тәжірибе ескерілгені айтылды.

Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң жобасын қабылдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Заң жобасы банкроттық рәсімінің 3 түрі енгізуді көздейді.

Барлық рәсімді тек борышкер ғана бастай алады, яғни несие берушінің борышкерге қатысты бұл рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ.

Банкроттық рәсімдегенде қазақстандықтарға төмендегі шектеулер қойылады:

  • Жобада 5 жылға несиелер мен кредиттер алуды шектеу көзделген;
  • Азаматтар 7 жылдан кейін ғана банкроттыққа қайта жүгіне алады;
  • Банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу көзделеді.

Талқылаудан кейін Сенат депутаттары банкроттық туралы негізгі заңды қабылдады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!