Астана қаласында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бұрынғы басшысы пара алған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Іс материалдары бойынша басқарма басшысы жұмыссыздарды оқытуға шарттар жасасқаны үшін ЖШС директорынан 310 мың теңге пара алды.

Сот жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін мойын өкінгенін және сотталушылардың әрқайсысында асырауындағы балалардың болуын ескерді.

Жұмыспен қамту басқармасының бұрынғы басшысы пара алғаны үшін кінәлі деп танылды, оған параның 30 еселенген сомасы 9,3 млн теңге мөлшерінде айыппұл тағайындалды. ЖШС директоры параның 20 еселенген сомасы 6,2 млн теңге көлемінде айыппұл алды. Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!