1 желтоқсандағы жағдай  бойынша 140,6 мың отбасындағы 724,1 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алды.

1 желтоқсандағы жағдай бойынша 140,6 мың отбасындағы 724,1 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алды. Биыл бұл мақсатқа бюджеттен 59,4 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Атаулы әлеуметтік көмек кімдерге беріледі?Фото: gov.kz
Ведомствоның мәліметінше, АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

«1 желтоқсанда АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 191,1 мың балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама тағайындалды», – делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, келер жылдан бастап мектеп жасына дейінгі балалар үшін кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы монетизациялау іске асырылмақ. Азық-түлік пен тұрмыстық химия жиынтығының орнына әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде қосымша төлем белгіленеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!