Оралда жұмыспен қамтылатын 700 жоғары сынып оқушыларына 42 500 теңге төленеді, деп хабарлайды «Мой город».
Қалалық білім бөлімі тәрбие жұмысы және қосымша білім беру секторының меңгерушісі Жазира Рысқазиева заңға сәйкес жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары жазғы демалыста қоғамдық жұмыстарға қатыса алатынын атап өтті.

«Нәтижесінде 10 мен 11 сыныпта оқитын оқушылар жаз мезгілінде мектепте жұмыс істеп, ақша таба алады. Бүгінде тізімге 700 бала енді. Олар мектеп ауласын жинауға, қағаз жұмыстарын атқаруға, кітапханада жұмыс істейді»,- деді ол.

Айтуынша, 14 пен 16 жасқа дейінгі балалардың жұмысы аптасына 24 сағаттан, ал 16 мен 18 жасқа дейінгі оқушыларда 36 сағаттан аспауы керек.

«Балаларға айына 42 500 теңге еңбекақы төленеді. Жұмыс істеуге ниетті балалар «Жұмыспен қамту орталығы» арқылы келісімшарт жасауы керек», – Жазира Рысқазиева.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!