Күндізгі сауда қорытындысы бойынша Қазақстандық қор биржасында доллар бағамы 433,3 теңгені құрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бір тәулік ішінде доллар 10,73 теңгеге қымбаттады. Ұлттық банктің 27 мамырдағы бекіткен ресми доллар бағамы 422,01 теңге болатын.

Бір айдың ішінде шетелдік валюта 15,8 теңгеге арзандады.

Қазіргі уақытта Қазақстанның айырбастау пункттерінде доллар 435-435,5 теңгеге сатылып алып жатыр. Сату бағасы 439–440 теңге.