Мәжілістегі депутаттардың арасында зейнет жасын төмендетуді ұсынып жүретін Ерлан Смайылов бұл жолы да осы мәселені көтерді.

Ол енді қауіпті және зиянды өндірісте істейтін жұмысшылардың зейнетке шығу жасын төмендету керек екенін айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Депутат қазақстандықтардың еңбек құқығын қорғау саласында қордаланып қалған проблема көп деп отыр. Сондықтан жұмысшылардың жағдайы нашарлап барады. Әсіресе, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алуға ерекше көңіл бөлінуі қажет. Бұл тақырып қауіпті және зиянды өндірісте істейтін шахтерлер, металлургтер мен тағы басқа мамандық иелері үшін өте өзекті. Еңбек және халықты қорғау министрлігі жұмысшылардың құқығын қорғауда белсенді болу керектігін бас айтты.

Министрлік жұмысшылардың мүддесіне сай келмейтін заңнамаға толық талдау жүргізуі тиіс. Жасыратыны жоқ, елімізде жұмыс берушілердің, әсіресе ірі корпорациялардың мүддесін жұмысшылардың мүдделерінен жоғары қоюдың сұмдық тәжірибесі қалыптасқан,

— дейді Ерлан Смайылов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!