Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта студент жастарды қолдау шаралары жүзеге асатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Студенттерге арналған стипендиялар екі есеге, магистранттар мен докторанттарға – 1,5 есе артады. 2025 жылға қарай колледждер мен университеттердің жатақханаларындағы орындар саны кем дегенде 50 мыңға көбейеді», – деді ол «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезінде.

Бұған дейін ол 2025 жылға дейін Қазақстанда білім гранттарының саны 50% өсетінін айтқан. Бұл 75 мыңға жуық азаматтың университеттерде ақысыз білім алатындығын білдіреді, деп атап өтті мемлекет басшысы.

Қазір студенттер – 26 186 теңге, магистранттар – 66 913 теңге, докторанттар – 150 000 теңге шәкіртақы алады. 

Еске салсақ, Тоқаев зейнетақы мен жәрдемақы туралы мәлімдеме жасаған болатын. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!