20 000 АҚШ доллары сомасында пара алды деп күдіктелуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қорғаныс ведомствосының ақпараттандыру департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы бейнеконференцбайланыс жабдығын жеткізу мерзімдерін бұза отырып, қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін жеткізушіден 20 000 АҚШ доллары сомасында пара алды деген күдікке ілінді.

Күдікті ұсталып, Астана қаласының тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!