Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 19 жастағы қала тұрғыны жүгініп, алаяқтық әрекеттің құрбаны болғанын айтқан. Жәбірленушінің  айтуынша оның  танысы 2021 жылдың желтоқсан айында банк арқылы  атынан 1 миллион 300 мың теңге көлемінде  тауарлық несие рәсімдеп алған.

Біраз уақыт өткен соң берешектері көбейіп, банктен хабар келгенде  жәбірленуші полицияға жүгінген. Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 20 жастағы күдікті ұсталды.

«Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды». 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!