5G бесінші буын байланысы – бұл жай ғана өте жылдам интернет емес, ол қызмет көрсетудің және жалпы өмірдің мүлде басқа сапасы. Алдағы жылдарда жаңа технология қоршаған ортаны қалай өзгертеді? Оның артықшылықтары неде?
5G – бесінші буынның ұялы байланыс стандарты, ол сигнал берудің жоғары интернет жылдамдығы. Мысалы, байланыстың төртінші буыны (4G) бар досыңыз, «Кальмар ойыны» сериалының бірінші эпизодын 10 минутта жүктеп алса, сіз 5G арқылы осы уақыт ішінде барлық сериясын жүктеп ала аласыз. Бұл жылдамдық бизнес үшін көптеген мүмкіндік ашады, Атап айтқанда, 4G желілерінде болмаған жаңа қызметтерді іске қосуға болады.
Ақпаратты тиімді жеткізу адам дамуының барлық кезеңінде өте маңызды. Әсіресе телекоммуникация маңызды, өйткені ол ақпаратты жылдам таратуға мүмкіндік береді. Бұл саладағы жетістіктер өте маңызды. Қазіргі уақытта аз ғана адам 4G желілерінің жылдамдығы бізге жетеді деп айтуы мүмкін. Даму ешқашан тоқтамайды.
Жалпы, 5G технологиясы әртүрлі салаларда қолданылады. Деректерді берудің жоғары жылдамдығының арқасында 5G желілері ойындар саласында қолданылады. Сонымен қатар, 5G – смарт үй және IoT синонимі. Бүгінгі күні сіз IoT-ге қосылған көптеген құрылғыны табасыз. Олар: шам, розетка, құлып, үндеткіш, тұрмыстық техникалар. Барлығы бір экожүйеде кідіріссіз жұмыс істеуі үшін деректерді беру жылдамдығы жоғары жақсы байланыс қажет.
Медицинада да аталған технологияның үлесі мол. Мұның көмегімен дәрігер мыңдаған шақырым қашықтықтағы науқастарға ультрадыбыстық зерттеу жүргізе алады. Дәрігер нақты кездесудегідей барлық ақпаратты алады. Сондай-ақ 5G ақылды немесе ұшқышсыз көліктерді дамытуға көмектесетін әлеуетке ие. Смарт жолдармен, бағдаршамдармен, автотұрақтармен, жол белгілерімен өзара әрекеттесу мүмкін болады. Барлық дерек «бұлттық» қоймада тасымалданады және сақталады.
Ал 5G-ді қалай пайдалануға болады? Жаңа буын мобильді желінің барлық мүмкіндігін пайдалану үшін біз осы стандартты қолдайтын құрылғыны сатып алуымыз керек. Сонымен қатар базалық станцияның қолжетімді жерінде болу қажет.
Көп ұзамай 5G модемдерімен жабдықталған алғашқы смартфондар нарықта пайда болады. Дегенмен, жаңа байланыс стандарты бірнеше жылдан кейін ғана танымал болады. Сарапшылар бұл кезең бес жылға созылуы мүмкін деп санайды.
GSMA ұялы байланыс операторларының халықаралық сауда ұйымының бағалауы бойынша, 2025 жылға қарай ұялы телефондардың жартысы ғана жаңа 5G желісін пайдаланса, қалғандары ескі технологиялармен – 4G және 3G-мен жұмыс істейді.
5G стандартына әртүрлі ұйымдар тапсырыс беруде, бірақ ол осы стандарт үшін жасалған Халықаралық электр байланысы одағының шектеулеріне сәйкес келуі керек. Халықаралық электр байланысы одағы (бұрынғы Халықаралық телеграф одағы) 193 елді біріктіреді.
5G желілерінде қолданылатын технологиялардың бірі — NR-3GPP жасаған жаңа деректер беру стандарты. Дәл осы ұйым LTE деп аталатын 4G желілері үшін ұқсас технологияға жауап береді. NR-ді бүкіл әлемде кеңінен қолдану мүмкіндігі жоғары. 3GPP ұйымында Еуропа, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Үндістан және АҚШ-тан келген жеті ұйымдас­тырушылық мүше бар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!