Instagram әлеуметтік желісінде фото және видео жүктеудің жаңа тәсілі пайда болды. Енді желі қолданушылары фото-видеоны браузер арқылы жүктеуіне мүмкіндік бар.

«Біз осы функцияны іске қосқанымызға қуаныштымыз. Енді сіздер фото және ұзақтығы бір минутқа дейінгі видеоны браузер арқылы Instagram-ға тікелей жүктей аласыздар», – деп хабарлады әлеуметтік желінің баспасөз қызметі Twitter парақшасында. 

Айта кетсек, бұған дейін компьютермен Instagram-ға кіретіндер тек фото-видеолар мен stories көріп, лүпіл басып, пікір қалдыра алатын. Ал басқа мүмкіндіктер тек мобильді қосымшада қолжетімді болған еді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!