Бүгінгі таңда ең қажетті мамандықтың көшін бастап тұрған – ІТ саласы. ТМД елдері бойынша бұл мамандықта көбіне ерлер сұранысқа ие. Алайда соңғы уақытта қыздар қаумының да таласы бар. Көпшілік “бұл жұмыс ерлерге арналған”, “ерекше қабілетті қажет етеді”, “технология тек ерлер үшін” деген қағидаға сенеді. Сонымен бұл пікірді сынап көрейік.
ІТ (ақпараттық технология) дегенді қалай түсінесіз? Бұл салада бағдарламалаудан бөлек иммерсивті технология (VR/AR) бар, бұған маркетолог, жүйе архитекторы, тәжірибелі дизайнер, UX/UI дизайны (қолданушы интерфейсін дайындау), жоба менеджері, SMM, Data Science, мануалды және автоматтандырылған тестілеу маманы қажет. Сол себепті қазіргі индустрияға келген адам жан-жақты дамыған, мәселені оң әрі тез шеше алатын, сыни ойлайтын, ойлау қабілеті зор болуғаЗ тиіс. ІТ саласы қыздар мен әйелдерге кәсіби әрі жеке тұлға болып дамуға көп мүмкіндік береді. Кез келген ғылымда жүрген адам (қоғамдық, жаратылыстану, техникалық, шығармашылық) бұл бағытта да құлашын кеңге жая алады.
Сонымен қатар АТ (ақпараттық технология) саласында маман иесі өмірін жоспарлауды, жеке дамуды, қаржылық сауатын дамытуды, мансабын көтеруді үйрене бастайды. Егер белгілі бір орында жұмыскер болуды елестете алмаса, өздігінен жаңа бастама ұсына алады, қазір сәтті дайындалған стартап жобаларға жақсы қолдау көрсетіледі.
Digital бағытта болашағын көретін қыздардың сағын сындыратын көптеген қағидалар бар. Міне, солардың бір шоғыры:
- АТ бағытында тек математиканы жақсы оқығандар жұмыс істей алады.
Бұл бағытта бағдарламалаудан бөлек қыздар жобаны басқару, қосымшаны тестілеу, ойын дизайнын дайындау деген маман иесі де бола алады. - АТ-да топта қыздармен жұмыс істей алмайтын (сөзге келе беретін) ерлер көп.
Жынысқа бөлмей-ақ жақсы тіл табысатындары да бар. - АТ университетінде оқып, қыз бала ештеңеге қол жеткізе алмайды, себебі бұл ерлердің ортасы.
Иә, қыздарға оңай соқпасы анық. Бірақ қыздардың позитивті ойлау қабілеті жоғары болған сайын жеңіске жақын болады. - Қыздар қоғамдық ғылымға не шығармашылық бағытқа лайық, АТ оларға арналмаған.
Ғылым жынысқа бөлінбейді. - Қыздардың оқу барысында қанша үлесі болғаны маңызды емес, оқу процесіне әсер етпейді.
Бұл жаңсақ пікір, қолдау көрмеген қыздар өз мамандығынан бас тартады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!