Астана қаласында түнде және таңертең найзағай ойнап, батыстан жел соғады.

шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні кей уақытта 23 м/с жетеді. Өңірдің оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды. Өңірдің солтүстіг мен шығысында өрт шығудың жоғары қаупі сақталады.

Қызылорда облысының батысы мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Абай облысының оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз желдің екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Костанай облысының шығысында найзағай, күндіз бұршақ болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні кей уақытта 23 м/с артады. Өңірдің оңтүстік жартысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысы мен шығысында найзағай, бұршақ, шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. Өңірдің солтүстігінде, батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының оңтүстігінде, батысы мен орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз кей уақытта желдің күші 25 м/с артады. Өңірдің басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының басым бөлігінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды Кей уақытта күші 23-28 м/с артады. Өңірдің басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы қаласында күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады. Найзағай кезінде желдің күші 15-18 м/с құрайды. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Түнде өңірдің солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысы мен шығысында найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!