Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 524 бірлік техника және 860 адам жұмылдырылды.

Еліміздің 7 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 13  учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz «ҚазАвтоЖол»-ға сілтеме жасап.

Абай облысында– 1 учаске

«Омск-Майқапшагай» 910-1002 км, Қалбатау ауылы – Көкпекті ауылы – 92 км (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс, көктайғақ)

Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады.

Жамбыл облысында – 3 учаске

1.«Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, Кенен ауылы – Қайнар ауылы – 79 км.

«Меркі-Бурылбайтал» 161-273 км, Бірлік ауылы -Бурылбайтал ауылы -112 км.

Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады

3.«Алматы-Ташкент-Термез» 534-593 км, Айша Бибі ауылы – Туркістан облысы шекарасы – 59 км.

Шектеу жүк көліктері үшін енгізілді (екпінді жел, қар арлас жаңбыр, тұман, шектеулі көрініс)

Жетісу облысында – 1 учаске

«Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма станциясы -Достық станциясы – 100 км.

Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады

(бұрқасын, шектеулі көрініс, екпінді жел)

Қостанай облысында облысында – 2 учаске

1.«Жезказған-Петропавл» 339-377 км, Арқалық қаласы -Ақмола облысының шекарасы – 38 км (қар, екпінді жел, шектеулі көрініс).

(Ақмола облысында ауа-райының қолайсыздығына байланысты)

3.«Жезказған-Петропавл» 252-335 км, Арқалық қаласы – Ұлытау облысының шекарасы – 83 км.

(Ұлытау облысында ауа-райының қолайсыздығына байланысты)

Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады

Солтүстік Қазақстан облысында – 5 учаске

1.«Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шекарасы» 213-280 км, Кішкенекөл -РФ шекарасы – 67 км.

2.«Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» 62-228 км, Возвышенка ауылы -Рощинское ауылы – 166 км.

3.«Рощинское-Корнеевка-Волошинка» 0-87 км, уч. Рощинское ауылы -Волошинка ауылы – 87 км.

4.«Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» 0-119 км, Волошинка ауылы -Тимирязево ауылы – 119 км.

«Тимирязево-Сарыкөл -облыс шекарасына дейін» 0-32 км, Тимирязево ауылы – граница Қостанай облысы шекарасы – 32 км (бұрқасын, шектеулі көрініс).

Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады

Туркістан облысында- 1 учаске

1.«Алматы-Ташкент-Термез» 593-654 км, Түркістан облысының шекарасы -Жібек Жолы а.( Машат өткелі арқылы) – 61 км.

Шектеу жүк көліктері үшін енгізілді

Ұлытау облысында – 1 учаске

1.«Жезқазған-Петропавл» 137-252 км, Ұлытау ауылы -Қостанай облысының шекарасы – 188 км.

Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 524 бірлік техника және 860 адам жұмылдырылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!