Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданындағы «Алтыналмас АК» АҚ өндірістік нысандарының бірі – «Пустынное» ТБК аумағында жазатайым оқиға болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оқиға 23 шілде, сағат 11:30 шамасында болған.
«Пустынное» ТБК екінші саты ұсақтау корпусының конвейер машинисі қаза болды. Оқиғаның себеп-салдары мен мән-жайын уәкілетті органдар анықтап жатыр. Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына, әріптестеріне қайғырып көңіл айтамыз, – деп жазылған хабарламада.
Компания марқұмның отбасына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсететінін айтты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
