SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, FIFA 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында келісілген матчтар немесе күмәнді букмекерлік белсенділік белгілері анықталмағанын мәлімдеді. Бұл туралы SBC News басылымы жазды.

FIFA жанындағы жарыстардың адалдығын қамтамасыз ету жөніндегі арнайы жұмыс тобы турнир барысында өткен барлық кездесуге жан-жақты талдау жүргізген. Тергеу нәтижесінде матч нәтижелерін әдейі бұрмалауға немесе заңсыз ықпал етуге қатысты бірде-бір белгі тіркелмеген.

Ұйымның мәліметінше, мамандар турнирдегі 104 матчтың барлығын және букмекерлік нарықтағы өзгерістерді нақты уақыт режимінде бақылаған. Жиналған деректерді саралау барысында күмән тудыратын бірде-бір жағдай анықталмаған.

Тергеу жұмысына футбол конфедерациялары мен АҚШ, Канада және Мексика футбол федерацияларының өкілдері, сондай-ақ Федеральды тергеу бюросы, Интерпол, БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы, Еуропа кеңесі, Sportradar, Халықаралық ставкалардың адалдығы қауымдастығы және басқа да ұйымдар қатысқан.

Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы атанған Испания құрамасы финалда Аргентинаны қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңген болатын.

Ал турнирдің үздік сұрмергені атанған Килиан Мбаппе 10 гол соғып, бомбардирлер көшін бастады. Ал әлем чемпионатының ең үздік ойыншысы ретінде Родри «Алтын доп» иегері атанды. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!