Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, 2020 жылдың басынан бастап су қоймаларынан, сондай-ақ еліміздің күріш алқаптарынан қырылу қаупі бар 85,2 млн шабақты құтқарылған.

       Ауқымды әрі жауапкершілігі жоғары жұмысқа балық шаруашылығы, күріш өсіретін ұйымдардың өкілдері және еріктілер қатысқан. Нәтижесінде Атырау облысында 56,7 млн балық, Түркістан облысында – 10,3 млн, Қызылорда облысында – 8,3 млн, басқа өңірлерде – 9,9 млн шабақ құтқарылған. Балық ресурсын сақтау бойынша іс-шараларды өткізуге 851 адам және 153 техника жұмылдырылды.

      Ихтиологтардың мәліметтері бойынша, Қазақстанда балықтың 100-ден астам түрі мекендейді. Олардың 70-і өнеркәсіптік құндылыққа ие, 18 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Құтқарылған балықтың ішінде сазан, ақмарқа, мөңке, қарға, құмай, осман, көксерке, алабұға, шортан, тұқы, табан, торта, оңғақ бар.