Мемлекеттік қызметшіге моральдық-әдептілік бағыттағы қойылатын талап пен сенім жоғары. Бастысы, әр қызметші өзіне жүктелген міндетті қалтқысыз орындау негізінде біліктілігі мен білімін, тәжірибесін ұштастыру арқылы Отанына адал қызмет етуі тиіс. Қызмет барысында көпшілікпен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыра білу керек.
Осы бағытта «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалында жиын өтті. Мақсат –педагог мамандар мен партия мүшелерініңарасында әдеп кодесінің сақталуына басымдық беру. «Өрлеу» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелге институт оқытушылары мен қызметкерлері, партия мүшелері қатысты.
Қызметкерлерге қойылатын талап пен тәртіпті әркез назарға алу мақсатында өткізілген кездесу барысында институт директорының орынбасары Сәкен Серікбаев сөз алып, кодекстің негізгі бағыттарына тоқталды.
-Біліктілікті арттыру ұлттық орталығында педагогикалық қызметкерлердің білім деңгейін арттырумен қатар әдеп кодексін сақтауға қатысты осындай жиындар үнемі ұйымдастырылады. Қызмет барысында және одан тыс уақытта да педагог ретіндегі кәсібилігінен өзге, кодекстің сақталуына басымдық беруі міндетті. Білім беру саласында жұмыс істейтін әр маман барлық оқушы мен ата-ана алдындағы байланыста тиісті ережелерді ескеруіне басымдық беруі тиіс, – деді институт директорының орынбасары Сәкен Серікбаев.
Сондай-ақ, институттың аға оқытушысы және әдеп жөніндегі уәкілі Ақмарал Ләпбаева «Әдеп кодексін сақтау міндет» атты тақырыбында баяндама оқыса, өзге партия мүшелері жиынның негізгі мақсатына арқау етілген кодекстің сақталуы жайында пікірлерін ортаға салды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!