Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі халықтан келген көптеген өтініштерді ескере отырып, 2006 жылғы 2000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноттарды айырбастау мерзімін 2021 жылдың 1 ақпанына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Қызылорда облысы бойынша «Ұлттық банк» филалының қолма-қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімінің басшысы Светлана Ибраева баяндады.

«2006 жылғы үлгідегі номиналдарға тән банкноттарды айырбастау кезеңі 2016 жылдың қазанынан 2020 жылдың 5 қазанына дейін – 4 жыл бойы ұзартылып келді. Қазіргі таңда, Банкноттар жеке тұлғалар үшін тек Ұлттық Банктің филиалдарында ғана айырбасталады. Олардың мекен-жайы мен байланыс телефоны туралы ақпарат Ұлттық Банктің сайтында орналасқан. 2021 жылдың 1 ақпанынан кейін банкноттарды айырбастау тоқтатылады»,- деді Светлана Еділқызы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!