Ел арасындағы бра­коньерліктің алдын алу­ға, фауна түрлерін сатуға және өткізуге маманданған қыл­мыстық топтардың қыз­метін анықтап, олармен күрес жүргізу  мақсатында «Киік» табиғатты қорғау акциясы басталды.

       Ауқымы кең жоба Ақмола, Ақ­төбе, Атырау, Жамбыл, Ба­тыс Қазақстан, Шығыс Қазақ­стан, Қарағанды, Қостанай, Қызыл­орда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыс­ы аумағында жүргізіледі. Акцияға «Охот­зоопром ӨБ» кәсіпор­нының Жа­нуарлар дүниесін қорғау қыз­метінен 224 инспектор, 68 жол талғамайтын көлік, 23 қар­да жүргіш техникасы, 2 бір­лік «Берлога» вагоншалары (ОӨФ, БӨФ) жұмылдырылады. Сондай-ақ «Охотзоопром ӨБ» бастамасымен ерекше қор­ғалатын табиғи аумақтар мен Жануарлар дүниесін есептеу және мониторинг бөлімдерінен инс­пекторларды тарту жоспарлануда.

        Айта кетейік, былтыр киіктерді заңсыз атудың 47 бра­коньерлік фактісі анықталып, 641 ұша мен 284 киіктің мүйізі тәркіленген. Нәтижесінде табиғат ресурстарына келтірілген шығын 3,3 млрд теңгені құраған. Осындай мәселенің алдын алуды көздейтін акция 31 желтоқсанға дейін жалғасады.