ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай желідегі парақшасында Мемлекет басшысының ірі кәсіпкерлерімен кездесуі туралы жазды.

«Бүгін Президент еліміздің ірі кәсіпкерлерімен кездесті. Жиын барысында Мемлекет басшысы алдағы уақытта бизнестің жұмысын жеңілдетуге бағытталған іс-шаралар туралы айтты. Олар шағын, орта және ірі бизнесті де қамтиды.

Сондай-ақ нарықтағы негізгі ұстанымдарды еске салды. Мемлекеттің бизнес ісіне араласуы келмеске кетеді. Монополияға жол берілмейді. Ешбір кәсіпкерге басымдық берілмейді. Үкіметтегі, басқа жердегі жеке байланыстар көмектеспейді. Әділетті Қазақстанда тек адал бизнеске жағдай жасалады.

Жалпы, бүгінгі кездесудің негізгі мақсаты – ірі бизнес өкілдеріне халықтың алдындағы әлеуметтік жауапкершілік туралы тағы бір ескерту. Яғни, бизнес-қоғамдастық елге қажет мектептер, балабақшалар, іргелі университеттер салуда, туризмді дамытуда белсенді түрде өз үлестерін қосуы тиіс», – деді Руслан Желдібай.

Еске салсақ, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында еліміздің бизнес-қоғамдастығы өкілдерімен кездесу өткізді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!