Қазақстан ең төменгі жалақы мөлшері бойынша мемлекеттер рейтингісінде көштің соңында қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Picodi.com порталына сілтеме жасап.

Зерттеуге ең төменгі жалақы мөлшері мемлекет тарапынан бекітілген 56 ел қатысқан. Кейбір елдерде төменгі жалақыға салық салынбаса, басқаларында айлық төлемнің заңды немесе заңсыз түрі кездеседі екен. Сол себепті де рейтингке жұмыскерлердің таза қолына алатын қаражатының мөлшері ескерілген. 

Ең төменгі орындарда Өзбекстан, Нигерия және Қазақстан орналасыпты. Ал алғашқы үштікке Люксембург, Аустралия мен Ирландия кірген. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!