Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды 427-429 теңгеге сатып алуға болады, ал сатылу бағасы – 426-427 теңге

АЛМАТЫ, 5 сәуір – Sputnik. Қазақстанда доллар қымбаттады. Қазақстан қор биржасында таңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша ұлттық валютаның АҚШ долларына шаққандағы бағамы 0,35 теңгеге өсіп, 427,19 теңгеге жетті.

KASE сауда-саттық жүйесінде жарияланған алғашқы теориялық баға 427,43 теңге мөлшерінде белгіленді, деп хабарланған Қазақстан қор биржасының сайтында.

Кurs.kz сайтының мәліметі бойынша, Нұр-Сұлтанның айырбастау пункттерінде долларды 427-429 теңгеге сатып алуға болады, ал қабылдау бағасы – 426-427 теңге.

Алматының айырбас орындарында бір доллар 426-427 теңге тұрады, сату бағасы – 427-429 теңге.

Шымкенттің айырбас орындарында бір доллар 428 теңгеден сатылып, 426 теңгеден қабылданып жатыр.

Айта кетейік, наурыздың соңында Қазақстанда доллар бағамы 423 теңгені құрады.

sputnik.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!