Елімізде азаматтарды дактилоскопиялық тіркеу 2023 жылдың 1 қаңтарынан басталады, деп хабарлады Stan.kz.

2021 жылдан басталуы тиіс саусақ ізін алу арқылы тіркеу елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2023 жылға ауыстырылды.

«Коронавирус пандемиясына және COVID-19 індетіне жасалған болжамдарға байланысты азаматтарды дактилоскопиялық тіркеу 2023 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Тиісті өзгерістер «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» заңға енгізіледі», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұған дейін ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп дактилоскопиялық тіркеуді 2023 жылдың 1 қаңтарына ауыстыру туралы ұсыныс жасаған болатын.

Азаматтар он алты жасқа толуына байланысты паспорт немесе жеке куәлік алғанда, сондай-ақ мерзімі аяқталып немесе жоғалуына байланысты құжаттарын ауыстырған кезде ғана дактилоскопиялық тіркеуден өтеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!