Әлеуметтік желіде «Қазақстанда зейнетақы жасы төмендетіледі» деген жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake-ке сілтеме жасап. 

Қазнетте жақын арада елімізде зейнетақы жасы төмендейді деген қауесет тағы да тарады. Тиісті заң жобасын 5 ақпанда парламентшілер екінші оқылымда мақұлдаған екен.

ҚР Парламентінің ресми сайтында мұндай заң жобаларын бекіту туралы ақпарат жоқ.

Сонымен қатар, tңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елімізде зейнеткерлік жастың төмендеуі туралы ақпаратты бірнеше рет теріске шығарған болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!