Қазақстанның сыртқы қарызы 35 млрд 600 млн долларға жетті. Бұл жайында «Atameken Business» арнасы хабарлады.

Бұл – былтырғыдан 2 миллиардқа артық сома. Берешектің басым бөлігі, яғни  13,8 млрд доллар – мемлекеттік басқару және қорғаныс секторына тиесілі. Ғылыми, техникалық сала бойынша міндеттемелер 9 млрд доллардан асады. Үшінші орында қаржы және сақтандыру саласындағы борыш – 4,4 млрд доллар.

Ал жалпы берешектің қомақты үлесі банктерге тиесілі – 20,1 млрд доллар. Одан кейінгі сатыда мемлекеттік басқару секторы тұр. Ондағы қарыз – 13,8 млрд доллар. Ал Ұлттық банктің берешегі – 1,3 млрд долларды құраса, фирмааралық қарыздың көлемі 215 млн долларға тең.

Елдер бөлінісінде берешектің ең көп үлесі Ұлыбританияға тиесілі. Тұманды Альбионға 19 млрд доллар қайтаруымыз керек. Екінші орында халықаралық ұйымдар алдындағы қарыздың көлемі – 8,5 млрд доллар. Қытайға – 4,9 млрд, Ресейге – 973 млн, ал Жапонияға 554 млн доллар қарызбыз.

aikyn.kz