Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұмысы халықтың жағдайын жақсартуға бағытталуы тиіс. Бұл туралы аталған ведомствоның басшысы Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жемқорлықпен күресеміз деп, бастысы халықтың үнін ұмыттық. Халық не деп жатыр? Халық нені талап етіп жатыр? Мұның бәрін қаперден шығардық. Өткен ғасырларда жазылған Қасым ханның қасқа жолында, Есім ханның ескі жолында, Тәуке ханның Жеті жарғысында, қазіргі замандағы еліміздің Ата Заңында ең қымбат қазына – адам», – деді Олжан Бектенов ведомствоның алқа отырысында

Сондықтан, ол агенттік қызметкерлерінің әрбір ісі халыққа пайдасы бар ма, халық қанағаттана ма, құптай ма деген бағытта болу керектігін баса айтты.

«Жұмысымыздың нәтижесі толықтай халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталуы керек. Жемқорлықпен күрес мүлдем өзгеше болуы қажет. Оны бүгін көрсеттік, талқыладық. Енді іске кірісіп, тез арада нәтиже көрсетейік», – деді агенттік төрағасы.