Әке деген сөздің аясы кең. Бір ауыз сөзбен түсіндіру де қиын және ол белгілі бір өлшемге сыймайды да. Біз, балалар, әкелерге қашанда қарыздармыз. Осы қарыз бен борыш – әке мен бала арасындағы көзге көрінбес, бірақ қылдай берік, үзілмес махаббаттың алтын көпірі.
Әке – әулет басшысы, отбасының тірегі, асырап сақтаушысы. Барлық балалар үшін әке үйі – үлкен үй – қарашаңырақ деген ұғымға саятын құрметті де қадірлі, ыстық ұя, ұшқан ұя.
Әр отбасын жеке мемлекет деп қарастыратын болсақ, бұл мемлекеттердің ірге тасын қалаушы, оның бас қараушысы – отағасы – әке.

                            Бауыржан ЖҮНІСОВ,
                            Қармақшы ауданы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!