Jas Otan ЖҚ Қызылорда облыстық филиалының төрағасы болып Жорабек Медет Ерданаұлы сайланды.
Nur Otan партиясы жанындағы Jas Otan ЖҚ Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс ХVІ конференциясы коронавирус пандемиясына байланысты онлайн режимде өтті. Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша конференцияға қатысушылар Jas Otan ЖҚ ҚОФ төрағасы лауазымына осыған дейін ұсынылған Жорабек Медет Ерданаұлының кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.
Медет Ерданаұлы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім алған. Осыған дейін жергілікті жастар саясатын жүзеге асыру бағытында жастар ұйымдарының жетекшісі қызметінде және Қызылорда қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де кеңесші қызметін атқарған.
Бейнеконференция жұмысына Nur Otan партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары А.Жарылқасынов, Jas Otan ЖҚ төрағасы Н.Жетпісбаев, облыстық кеңес мүшелері, жергілікті жастар саясаты мәселелері бойынша жауапты мемлекет орган өкілдері және аумақтық бөлімше басшылары қатысты.
Конференцияның қарауына ұсынылған бірінші мәселе бойынша Jas Otan ЖҚ ҚОФ төрағасы міндетін атқарушы А.Қаһарманова жыл бойына атқарған жұмысына баяндама жасады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!