Astana Hub халықаралық IT стартаптар технопаркі мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен IDEA BATTLE байқауы өтті.

Іс-шараның мақсаты – стартаптарды қолдау, ел ішіндегі стартап мәдениетін насихаттау және Қазақстан аймақтарында цифрландыруды дамыту үшін үздік IT идеяларды анықтау. 

Модератор − Тубекбаев Жанарыс Алтынбекұлы – Astana Hub халықаралық технопаркінің Қызылорда бойынша аймақтық менеджері, лицензияланған модератор.

3 минуттық питч форматында инновациялық идеяларды қабылдаған IDEA BATTLE байқауының жүлде қоры 500 000 теңгені құрады. Нұрлан Құлмырзаев, Алмат Қуанышбаев, Бағдат Қадырбеков, Мақсат Мугалов, Ержан Кенжеев аталмыш байқауда төрелік етті. Студенттер мен жастардың қатысуымен өткен бүгінгі байқауда 30 жоба қорғалды.

Айта кетейік, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде бес жылдан бері кәсіп ашуға қызығушылығы бар жастар үшін «Кәсіпкерлік орталығы» жұмыс істейді. Орталық жастардың инновациялық және IT саласының жобаларын дамытумен айналысып келеді. Сәйкесінше, биыл алғаш рет Astana Hub халықаралық стартаптар технопаркімен бірлесіп «Startup Orda» атты инкубациялық жоба іске қосылды.  
 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!