Ойын платформаларының бәсекесі Valve компаниясы Steam сервистерінің 2020 жылғы көрсеткішін жариялады. Танымал геймерлік ресурстың белсенді қолданушылары ай сайын 120 миллионнан асып отырған. Бұл көрсеткіш бойынша Steam PlayStation Network-ты артта қалдырды. Ай сайын 102 млн қолданушы тіркеледі. Ал Xbox Live-та бұл көрсеткіш 90 млн шамасында. Компания иелерінің айтуынша, карантиндік шектеулер Steam жұмысына оң әсер еткен. Алайда Valve пандемияға дейін де осындай жағдай байқалғанын айтады.
Геймерлік ресурсты күн сайын 62,6 млн адам қолданады деген де мәлімет бар. Бұдан басқа рекордтар да тіркелген. Мәселен, платформада жаңа сатып алушылардың саны бір айда 2,6 млнға жетті. Сөйтіп 2019 жылмен салыстырғанда жағдай әлдеқайда жақсарды. Ал Cyberpunk 2077 ойының іске қосылуы трафиктің қолданылуын арттырып жіберді. Қазір ол секундына 52 терабитті құрайды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен екі есе көп. Биыл Steam компаниясы геймерлік ресурстың қытайлық үлгісін шығарады. Сервистің кемшіліктері түзетіледі. Ойынды сатып алу және жүктеу де жеңілдейді. Жалпы Steam қосымшасы жаңарады, – дейді компания өкілдері