Фото: видеодан кадр – t.me/qr_tjm

Ақтөбеде құрылыс материалдары сақталатын қоймада өрт шықты. Желіде көкке көтерілген қою түтіннің видеосы пайда болды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

Ведомство ақпараты бойынша, Ақтөбеде құрылыс материалдары сақталған қойма жанып жатыр.

«Оқиға орнында жоғары дәреже бойынша Апаттар медицинасы орталығының құтқарушылары мен қызметкерлері жұмыс істеп отыр», – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, өртті сөндіруге 60 ТЖД қызметкері мен 10 өрт сөндіру көлігі жұмылдырылған.

Өрт ауданы анықталып отыр.

Сондай-ақ желіде өрт салдарынан көкке шарпыған қою түтіннің видеосы тарап жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!