Фото: © iStock

Астанада фитнес клубтардың бірінде өрт шықтыдеп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі хабарлауынша, 19 наурызда сағат 08:50-де елордалық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Байтұрсынов көшесі, 9-үй мекенжайына шықты.

Өрт сөндірушілер келгеннен кейін 20 шаршы метр аумақта фитнес-клубтың бу бөлмесінің ағаш қаптамасының өртеніп жатқаны анықталды. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 40-қа жуық келуші өз бетінше шықты, – делінген хабарламада.

Өрт сағат 09:26-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!