Сурет: Telegram/oper_shtab_atyrau

Атырау облысында Жайық өзені қайтадан арнасынан асып кетті. Бұл туралы 2024 жылдың 23 мамырында Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, Атырау-Орал тас жолының 80-85-ші шақырымындағы учаскеде Жайық өзенінің арнасынан шығып жатқан суға байланысты бүгіннен бастап жолаушылар тасымалдайтын көліктер қозғалысын жабуға болады.

«Баламалы жол – Махамбет ауданындағы көпір арқылы өтетін облыстық маңызы бар «Атырау-Индер» тас жолы бойында көлік қатынасы үшін жағдай жасалды», – деп хабарлайды Атырау облысы Төтенше жағдайларды жою штабы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың 23 мамырына қараған түні Атырау облысының Махамбет ауданында Жайық өзеніндегі бөгеттің бұзылуына байланысты халықты толық эвакуациялау басталған. Таңертең Төтенше жағдайлар министрлігі шайылған бөгет қалпына келтірілгенін хабарлады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!