Фото: видеодан кадр

Қостанай облысында су басқан аймақтардан 150-ден астам тұрғын тікұшақ арқылы құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Осы түні ҚР ТЖМ Республикалық жедел штабының үйлестіруімен Жаңақала, Екіді, Аққысы, Қызылжұлдыз ауылдарының және Қостанай облысының 9 қыстағының тұрғындарын эвакуациялау бойынша құтқару операциясы жүргізілді», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Іс-шара Қорғаныс министрлігінің Әуе кемелерінің көмегімен өтті.

«150-ден астам жергілікті азамат құтқарылды, олардың 63-і кәмелетке толмағандар», – делінген хабарламада.

Тікұшақтардағы адамдар Арқалық қаласының эвакуациялық пункттеріне жеткізілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!