Фото: видеодан скриншот

Қостанай облысында су басқан аймақта қалған науқасты құтқаруға барған санитарлық авиация ұшағы апатқа ұшырады.  Төтенше жағдайға қатысты түсініктеме берілді, – деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

3 мамыр күні тараған видеодағы кадрлардан көмекке кеткен ұшақтың биіктігін жоғалтып, топан суға құлағанын көруге болады.

Жағада оларды жедел жәрдем көлігі күтіп тұрған еді. Жағдайдан соң дәрігерлер дереу ұшаққа жаяу жетті. Көлік министрлігінің мәліметінше, бұл еріген судан пайда болған су тоғаны болған. Ол жерде шынымен де су көп емес болатын.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы санитарлық авиацияның қатысуымен болған төтенше жағдайға байланысты түсініктеме берді. Олар таңертең медициналық авиацияның электронды поштасына миокард инфарктісі диагнозымен 1964 жылы туған науқасты тасымалдау туралы өтініш түскенін айтты.

«Науқасты Қостанай облыстық ауруханасына жеткізу үшін сағат 16:09-да құрамында екі ұшқыш, дәрігер және фельдшер бар санитарлық авиация бригадасы Арқалық қаласына ұшты. Алдын ала болжам бойынша – екпінді желдің салдарынан – Ұшу кезінде санитарлық авиация ұшағы аударылып кетті», – делінген хабарламада.

Санитарлық авиация бригадасы зардап шеккен адам жоқ, олар медицина қызметкерлерінің бақылауында деп баяндады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!