Жалағаш аудандық сотында өткеншараға сот төрағасының міндетін атқарушы Т.Темірбаев, кеңсе меңгеруші А.Алтынбаев және жергілікті «Жалағаш жаршысы» газетінің тілшісі Е.Созақбаев қатысты.

Шара барысында қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өткен жылдың мезгілімен салыстыру көрсеткіштері айтылды.

Аудандық сот өндірісінде 2020 жылдың 12 айында 91 адамға қатысты 79 қылмыстық іс, 387 азаматтық іс, 223 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралып, аяқталған.

Қылмыстық істер бойынша: 33 адамға қатысты 31 үкім шығарылған, 33 қылмыстық іс сотталушылардың жәбірленушіге келтірілген залалды өтеп, медиация тәртібімен татуласуына байланысты тоқтатылған.

Сот өндірісінде ең көп қаралған қылмыстық істерді ұрлыққа қатысты істер құраған. Есепті мерзімде аталған санатта 21 қылмыстық іс қаралып, 7 үкім шығарылған.

Азаматтық істер бойынша: 243 іс бойынша шешім шығарылған. 44 іс тоқтатылған, 36 сот бұйрығы шығарылған. 150 іс оңайлатылған тәртіппен қаралған.

37 дау медиация тәртібімен реттеу туралы, 3 азаматтық іс бойынша татуласу келісімдері бекітілген.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша: 187 әкімшілік іс бойынша жаза қолданылған, 33 іс тоқтатылған.

Әкімшілік жаза қолдану көрсеткіші 82 тұлғаға әкімшілік айыппұл, 83 адамға әкімшілік қамаққа алу, 19 адамға арнайы құқықтан айыру, 20 адамға ескерту жасау түріндегі жазалар қолданылған, 22 іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған.

Сотта қаралған істердің барлығы аудио-бейне жазба құралы арқылы және «TrueConf» мобильдік қосымшасы көмегімен қаралған.

Кеңсе меңгерушісі А.Алтынбае өз баяндамасында аудандық сот өндірісіне түскен азаматтық іс жүргізу тәртібімен қаралуға жататын арыздар мен әкімшілік істердің барлығы «Сот кабинеті» электронды сервисі арқылы түскенін, сот отырысы қашықтықтан, яғни онлайн режиминде мобильді–бейне конференц, аудио-бейне конференц және «Trueconf» мобильді қосымшасы арқылы өткізілуде екенін айтып өтті.

Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі