Аймақта 5 шілдеден бастап карантин талаптарын бұзған 894 жағдай тіркелді. Оның басым бөлігі тұрғындардың той жасау деректері. Барлығына хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

-Әлемде болып жатқан жағдайды көріп отырсыздар, кейбір елдерде ахуал күрделі. Тіпті бірқатар облыстағы жағдайды да көріп отырмыз. Сондықтан карантин талабын сақтауымыз керек. Сондай-ақ, індеттің алдын алу үшін мониторингтік топтар өз жұмысын жалғастыруда ,- деді ОПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Бауыржан Ибраев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!