Арал аудандық пробация есебінде тұрған тұрмыс жағдайы төмен 3 сотталушының отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді. Жалпы аудан бойынша 75 азамат оқшаулаумен байланысты емес жаза түрлерімен сотталған.
Айта кетейік, Б есімді азамат 26.10.2017 жылы Шиелі аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 300-бабы, 2-бөлігі, 3-тармағы, 29 б-бабының 2-бөлігі, 58-бабы, 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 5 жыл бас бостандығынан айырылған болатын. Одан кейін Қызылорда облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен өтелмеген бөлігі 2 жыл 11 ай 9 күн бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылды. Сонан соң 01.07.2019 жылы аудандық пробация қызметінің есебіне алынды.

  • Аудан әкімшілігінің қолдауымен пробация қызметкерлері отбасыма азық-түлік әкеп жатыр. Бұл бірінші рет емес бізге әрдайым әртүрлі бағытта көмек қолдарын созуға даяр тұратын пробация қызметінің ұжымына шынайы ризашылығымды білдіргім келеді. Өзімнің жаза басқаныма өкінемін. Енді тек бар күш-жігерімді өз отбасым мен балаларымның болашағына жұмсайтын боламын,-деді сотталған.
    Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!