Отандық әнші Айқын Төлепберген денсаулығына байланысты бір ай ішінде 4-5 концерттен бас тартқанын айтты. Өнер иесі қазіргі уақытта даусын қайта қалыпқа келтіру үшін дәрігердің көмегіне жүгінген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші бұл жайлы оқырмандарына өзінің Instagram парақшасында айтып берді.

«Бәріне жалынды сәлем! Даусым ақырындап өз қалпына келуде. Біріншіден дәрігердің, екіншіден дұрыс тамақтану арқасында. Салауатты өмір салтының арқасында дауысым емделуде.

Бұл айдың ішінде 4-5 концерттен бас тартуға тура келді. Себебі қазір маған тыныштық керек. Қазір маған ән айтуға болмайды. Бұйырса, келесі айда концерттерде жолығамыз», – деді Айқын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!